АЙТПАСА СӨЗДІҢ АТАСЫ ӨЛЕДІ...
Жігіттер, бауырларым! Қазақтың болашағы, ар-ұяты, намысы ол - Қазақ Қыздары екенін түсінетін шығарсыңдар! Қыз-әйелдері бұзылған елдің болашағы ұзаққа бармайды. Қазақты құртқысы келіп, көз алартып жүрген қаншама жауыздар бар. Олардың мақсаты қыздарымыздың ұятын барынша ұрлау. Және мақсаттарыда орындалып жатыр. Солардың арам пиғылына кім көмек беріп жатыр дейсіз бе?
Ол - біз Жігіттер. Қыздарымызды аялаудың орнына, аямай жаншып, ұяттан бездіріп жатырмыз.
Қазірде пәк қыз табу қиындапта кеткен шығар. Оларды бұзған кім? Жігіттер емес пе? Өз қазақ қызыңды пайдалану үшін қанша өтірік айтасыз, қанша күна арқалайсыз. Бірақ өзімізге шаң жуытқымыз келмейді. Сүттен ақ, судан таза адамдай "алданып қалған ақымақ деп, немесе өзі берген ақымақ" деп кінәлаймыз. Бірақ бауырым, ол қыз ақымақ болса сенің ақылың бар шығар. Қыз өзі қаласа да сен оны дұрыс жолға түсірудің қамына кіріспедің бе? Бірақ сен олай етпедің... Аспаннан алтын жауғандай қуанып, оны арынан айырдың. Енді кім ақымақ?
Кейде ажырасқан әйелді немесе мына қыз пәк емес деп біреу айтса, сол әйелмен танысуға барын салады осы жігіттер. Мақсаттары тек бір. Оны пайдалану. Бірақ сол жігіттердің ешқайсысы оған, "сен енді арыңды сақта, некесіз жақындаспа, зина жасама" деп ақыл айтып жатқан біреуі жоқ. Әй сен қазақсың ғой. Өзіңді тағы мұсылман санайсың. Мынауың не енді? Қазақтың түбіне балта шабуға екі жағынның арасындағымен, екі бұтыңның арасындағыны барынша шаршатып жүрсің.. Енді сен кімсің? Қазақтың жігіттері Ұлтының қорғаны болған. Сен қорғанысың ба әлде жауысың ба?
86 жылғы қыршынымыз Қайрат Рысқұлбеков "Алаңға мен Қонаевты да, басқаны да қорғауға емес, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, ұрып жатыр деген соң бардым" деген еді. Және сол жолда жанын берді. Аты аталмай қалған қаншама ерлеріміз сол көтерілісте Қазақ қызын қорғаймын деп о дүниелік болды. Осындай батырлардың ұрпағы болғанына қуанамыз. Бірақ бізден кейін келер ұрпақта бізбен осылай мақтана алатындай болса екен деймін Қазақ жігіттері...
Ал қарындастарым, әпкелерім.. Әншейінде "Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа" десе жынданатын қыздар, ақылдарың қайда кеткен? Некесіз төсекке жатып, жігіттің өтірігіне сеніп, арың төгіліп ақымақ болғаның, сол ма ақылдылығының?
Жарайды, бірінші рет алданған екенсің.. Бірақ екінші, үшінші рет білдің ғой пайдаланылып жатқаныңды. Сонда ақылың қайда кетті? Қайда ақылың?
Айтатындарыңыз, "жігіттер бұзылған" бәрі дейсіздер.. Бірақ үстеріңізге киген киімдеріңіз жеңіл жүрістілердің киімінен айырмасы жоқ. Тырыстырған киіммен жігіттердің нәпсісін қоздырып, тағы да кеп жігіттер тек арам ойлайды деуіңіз қай сасқаныңыз? Енді жеңілтектей киінген қыз жайлы ол не ойлауы керек? Әуретімді жабайын, мынауым ұят деген ой миыңызға да кірмейді. "Ақсақ қой түстен кейін маңырайды" дегендей, бәрінен айырылып біткесін алдандым, зорландым деп шығасыз.
Әй сіз біздің Қазақтың болашағысыз ғой. Осы Қазақты қорғар, Қазақты алға жетелер ұрпақты дүниеге әкелетін сізсіз. Сондықтан өзіңізді ұятпен қорғаңыз. Әуретіңізді жабыңыз, ояныңыз. Некесіз қатынастан сақтаныңыз, иманыңызды жиыңыз!
Бұл жазба бәріне қатысты емес! Әркім өзіне керегінше алсын. Қазірде бейбіт елде тұрамыз дейміз. Бірақ нағыз соғыс болып жатқан уақыт. Қазақты бір біріне айдап, жүзге бөліп, одан қалса қалаға бөліп, қыздарымызды ұятсыздандырып, теледидардан жастардың санасын улап, интернетке байлатып, тура дінінен адастырып, бездіріп, рухани соғыс әлемінде жүрміз.
Бауырлар Қазақтың жанашыры Қазақ қана! Болашақ ол біздер жастардың қолында!
Алланың ақ жолынан адаспай, бірлігімізді мәңгі сақтайық!
© Әлишер Әбдишев