"ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЮ." Даналық сөз. Бір қарағанда бір сөйлемді құрағанмен, қыз баланың бір тағдырының күнәсіз етуіне ықпал береді. Бұрын бұл жәйтқа апаларымыз өте қатты көңіл бөлген. Қазақ әуелден қызына қонақ деп біліп төрден орын беріп, өзіне өзге біреудің аманаты деп қараған. Сондықтан болар әкелеріміз тахуалықты, аналарымыз арлы болуды насихат етті. Ақшамнан кейін шайтанның асыр салатын уақыты деп, кешкісін қызды үйден шығармады. Үйде тоқыма, көрпе құрақтауды, жүн иіруді, ас жасаудың түрлерін үйреткен. Ал қазір бұл тек елес қана. Оны кей адамдар ескілік деп қабылдайды. Жо жоқ, олай емес. Бұл бізге даналарымыздың қалдырып кеткен үлкен мұрасы... Сол мұраны бүгін қолдансақ. -Мен жігітіммен жаттым. -Мен екіқабат болдым некесіз деу болмас еді. Ал енді кешегіні ескілік деп таныған бүгінгі кейуаналарымыз қызды қырық үйден тыймақ түгілі, қызы адасып жатса әй деуге қауқары жоқ. Қалай айналып қарасақта тәрбие тал бесіктен басталары сөзсіз. Біреу айтар ата ана баласына жамандық тілемейді деп. Бұл сөзді жоққа шығаруға келмес, бірақ қыздың адасуы сол отбасының тәрбисіне тікелей қатысты. Бесіктен нықтап тәрбие алған қызды яқи ұлды есіктің тәрбиесі бұза алмайды. Есіңізде болсын. Қазақта сөз бар "Не ексең соны орасың" деген. Расында қызыңды қалай баптасаң, оның болашақта қандай жеміс беруі сіз ата анаға байланысты. Қазір нарықтық заманда ата ана ақша құнығып баласына қарауға шамасы жоқ. Перзенті не қаласа соны әпереді. Ех шіркін сол ақшаға құнықпай әке баласына тым болмаса бір сүре, ал анасы арының қымбат екенін бір ауыз сөзбен тәрбиелесе. Екеулеп Аллаһтан ұялу керек деп үйретсе, баласы харамға барар батпақты кешпес еді. Қу дүние-ай жасымен кәрісін адастырған деп іштей налитын адамда кем емес. Қазақтың келешегі біз. Біз бүгін көрінгеннің алдына етек ашсақ, болашақ қалай болмақ? Еріміз көрінген қызды астына алса, болашақ ерлеріміз қандай болмақ? Бұл жайлы ойласам санамда қара бұлт төніп, жүрегім дауыл болып қарауытып кетеді. Менің ниетім қазақ қызы қырық үйден тиылып ар алдында биік болсақ, тахуалы болсақ. Сонда ғана біз жетімі жылайтын, қариясы құлайтын әрекеттен арылар едік. Айту ниетім, шешетін сіздер! Бұл мақалама бәрі келіседі деп ойламаймын. Әр адам өз санасына қарай көсілері сөзсіз. Десекте Аллаһ ақиқатынан айырмай даналық ізбен қадам басуды нәсіп етсін! Гауһар Құрбанбайқызы

Теги других блогов: Тәрбие Қызды қырық Даналық